Иран мен Беларусь Тегеранда өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы барысында екі елдің өзара іс-қимыл жоспарын бекітті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Беларусь арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысына Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак, Ирандағы Беларусьтің елшісі Дмитрий Кольцов және Беларусь өнеркәсіп министрлігінің және бірқатар кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Тараптар шара барысында екіжақты сауда көлемін ұлғайту және тауарлар тізбесін кеңейту туралы шешім қабылдады.
Беларусь тарапы Иранға сапалы техника мен азық-түлік жеткізуге дайын екенін мәлімдеп, Ираннан жеміс-жидек, көкөніс және фармацевтикалық өнімдерді импорттауға қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар, Иран мен Беларусь өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ мәдениет, спорт және туризм бағыттарында ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Отырыста ғылым мен білім беру саласына да ерекше мән беріліп, 2026 жылы жоғары білім, ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі комиссияның 8-ші отырысын өткізу жоспарланды.
Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов осы ынтымақтастықтың барлық осы бағыттары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі берік әрі жан-жақты етуге бағытталған нақты қадамдар екенін баса айтты.
Комиссия отырысының хаттамасына қол қою арқылы екі елдің өкілдері 2026 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті.
Иран, Беларусь, Үкіметаралық комиссия, Экономика












