Ресей-Иран парламенттік достық тобының жетекшісі Дмитрий Василенко Қасем Солейманиді тек саясаткер ғана емес, батыл әрі стратегиялық қасиеттерге ие тұлға болғанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Дмитрий Василенко Мәскеу қаласында Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Ибраһим Азизимен кездесуінде мәлімдеді.
Василенко Мәскеудің Израиль режимі мен Америка Құрама Штаттарының Иранға қарсы әскери басқыншылығын айыптаудағы берік ұстанымын растап, ирандықтардың жау агрессиясына қарсы көрсеткен қарсылығын жоғары бағалады.
Азизи генерал Солеймани туралы көптеген халықаралық қайраткерлердің пікір білдіргенін, соның ішінде Никарагуа Президентінің Қасем Солейманидің адамзаттың дұшпандарына қарсы шайқасып қаза тапқандықтан оны “әлемдік тұлға” деп атағанын айтты.
Сонымен қатар, Азизи Каспий жағалауындағы бес елдің қатысуымен Каспий аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап, Каспий теңізі ортақ мүмкіндік пен мұра, сондай-ақ көрші елдердің одан әрі жақындасып, өзара әрекеттесуіне үлкен жағдай жасайтын кеңістік екенін айтты.
Ол Иранның Батыстың біржақты әрі әділетсіз санкцияларына қарсы күресудегі тәжірибесі барын айтып, Тегеранның осы тәжірибесімен Ресеймен бөлісуге дайын екенін жеткізді.












