Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері Газа, Ливан және Тегеранның ядролық бағдарламасын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен оның мысырлық әріптесі Бадр Әбдел Аты телефон арқылы сұхбатта аймақтағы маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тараптар әңгіме барысында Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуына, әсіресе Палестина мен Ливандағы ахуалға баса назар аударды.
Екі елдің Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газадағы және Ливандағы әскери шабуылдарын дереу тоқтату үшін халықаралық қауымдастық пен аймақ елдерінің нақты әрі белсенді әрекеттері қажет екенін қуаттады.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Иранның ядролық бағдарламасы да талқыланды.
















