Иран мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтеруге болады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мәлім етті.
Әли Лариджанидың айтуынша, Тегеран мен Исламабад арасындағы қарым-қатынасты қазіргі ынтымақтастық деңгейінен тұрақты стратегиялық әріптестікке дейін көтеруге болады.
Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы кеше, сейсенбі, 29 қазан күні Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсин Наквимен өткен кездесуде Иран мен Пәкістанның аймақтық үдерістердегі геосаяси маңыздылығын атап айтты.
Накви екі халық арасындағы терең тарихи және мәдени байланысты атап, Иранды Пәкістан үшін “дос, бауырлас және серіктес ел” деп сипаттады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда алмасуды кеңейту және экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.


















