Иран мен Ресей арасындағы сауда айналымы алдағы 4 жылда 10 миллиард долларға дейін өседі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы кәсіпкер, аға сарапшы Александр Шаров TV BRICS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Александр Шаров соңғы жылдары Иранмен жұмыс істейтін ресейлік кәсіпкерлердің саны үш есеге артқанын айтты.
Сарапшының айтуынша, Ресей мен Иран арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қою екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге, тауар айналымын арттыруға және іскерлік белсенділікті ары қарай дамытуға ықпал етеді.
Шаров алдағы үш-төрт жылда Иран мен Ресей арасындағы сауда көлемі қазіргі 4 миллиард доллардан шамамен 10 миллиард долларға дейін артады деп болжайды. Оның айтуынша, бұл өсім негізінен газ, мұнай-химия өнімдері, азық-түлік экспорты, сондай-ақ Каспий теңізі бассейніндегі көлік бағыттарын дамыту есебінен болады.
Сарапшы Мәскеу мен Тегеранның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы да кеңейіп келе жатқанын айтып: “Иран ЕАЭО-мен тығыз ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Иран ЕАЭО жанындағы бақылаушы ел мәртебесін алды. Кейін одақтың толық мүшесі болуы да мүмкін”, -деді.
Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасындағы еркін сауда туралы келісім 15 мамырда күшіне енеді. Жаңа келісім Еуразия экономикалық одаққа мүше елдер арасында тауардың 80 пайыздан астамына баж салығын алып тастауды көздейді.
Еуразия экономикалық одағына Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Армения кіреді. Иран 2024 жылдың желтоқсан айында ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие болды.
















