Иран мен Ресей Каспий теңізінде CASAREX 2025 әскери оқу-жаттығуын өткізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, құтқару және көмек көрсету бойынша бірлескен CASAREX 2025 әскери оқу-жаттығуы бүгін, дүйсенбі, 21 шілде күні басталып, үш күнге созылады.
Аталмыш оқу-жаттығу Иран Әскери-теңіз күштерінің солтүстік флотының “Қауіпсіз Каспий теңізімен бірге” ұранымен өтеді.
Оқу-жаттығу екі елдің әскери-теңіз күштері және Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы қызметкерлерінің қатысуымен үш күн бойы өтеді.
Сонымен қатар, жаттығуларға Каспий маңындағы бірқатар мемлекеттен де бақылаушылар қатысады.
Құтқару және көмек көрсету бойынша CASAREX 2025 әскери оқу-жаттығуы теңіздегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, Каспий теңізі елдерінің әскери-теңіз күштері арасындағы бірлескен іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған.
















