Иран мен Ресей “Ульяновск-Астара” және “Еділ-Каспий” бағыттарындағы транзиттік-логистикалық екі жобаны іске асыруды бастады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша “Ульяновск-Астара” теміржолы және “Еділ-Каспий” өзен көлігінің транзиттік-логистикалық екі жобасын іске асыру жұмыстары тасымалдау мен транзитті дамыту бағдарламасы аясында басталды.
Бұл жобалар аталған бағыттар бойынша тауарларды жеткізу уақытын 21 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға Ульяновск облысының губернаторы, Иранның Қазан қаласындағы Бас консулы, Үндістан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Ирак елдерінің лауазымы жоғары тұлғалары, сондай-ақ, көлік компанияларының басшылары қатысты.
Іс-шарада сауда флотының қуатын арттыру, Иран мен Ресей арасындағы экономикалық және транзиттік айналым көлемін ұлғайтуды қамтитын жобаның мақсаттары белгіленді.

















