Иран мен Түркия президенттері телефон арқылы сұхбатта Тегеран мен Анкара арасындағы екіжақты байланыс пен өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Түркия президенттері Масуд Пезешкиан мен Режеп Тайып Ердоған әңгіме барысында өзара мүдделерді талқылау үшін кездесіп, келіссөз өткізуге ниет білдірді.
Президент Пезешкиан сенбі күнгі сұхбатта Ердоғанды Рамазан айының аяқталуы және Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, Иран Президенті осы маңызды мерекеге орай ізгі тілек білдіріп, қоңырау шалғаны үшін алғыс білдірді.
Пешешкиан: “Түркияның мұсылман халқы және дүниежүзіндегі барша мұсылман осы ұлы мерекенің игілігін көреді деп үміттенемін”, — деді.
Сондай-ақ, Президент Пезешкиан алдағы кездесуге оң көзқарасын білдіріп, ынтымақтастықты тереңдету мен қарым-қатынасты жақсартудың, сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылаудың маңыздылығын қуаттады.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
Ердоған Иран мен Түркияның бірлескен экономикалық комиссиясының алдағы отырысына тоқталып, шараның өзара, аймақтық және халықаралық мәселелерді толығырақ талқылауға мүмкіндік беретінін баса айтты.

















