Иран мен Түркия СІМ басшылары Сейед Аббас Арақчи мен Хакан Фидан телефон арқылы сұхбатта бірқатар маңызды мәселе бойынша пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, тараптар басып алынған Палестинадағы соңғы оқиғалар, аймақтағы жағдайдың дамуы, сондай-ақ Иран мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері бойынша телефон арқылы кеңесті.
Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы елдердің палестиналықтардың Газа секторынан күштеп көшуіне үзілді-кесілді қарсылығын айтып, бұл қастандықты Палестина халқына қарсы геноцид саясатының жалғасы деп сипаттады.
Аббас Арақчи осы қауіпке қарсы тұру үшін ислам мемлекеттерінің берік және біртұтас ұстанымын дамытудың маңыздылығын атап, осы мәселені шешу үшін министрлер деңгейінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізуге шақырды.
Иран СІМ басшысы екіжақты қарым-қатынасқа сілтеме жасап, екі елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары бастаған Иран мен Түркия арасындағы жуырда өткен саяси консультациялар кездесуін маңызды әрі нәтижелі қадам деп атады.
Арақчи әртүрлі саладағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және дамыту үшін екі ел арасындағы тұрақты диалогты сақтаудың маңыздылығын қуаттады.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы да екіжақты қарым-қатынастың табысты дамуына қанағаттанатынын айтып, өзара мүдделі барлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын растады.
Сондай-ақ, Хакан Фидан барлық ислам елінің Палестина халқының құқықтарын қолдауын жалғастыру қажеттігін айтып, Иран Сыртқы істер министрінің Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізу туралы ұсынысын құптады.



















