Axios агенттігі Иран, Оман және АҚШ арасында Ормұз бұғазы бойынша уақытша келісімге қол жеткізуге аз қалғанын хабарлады.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің «Әл-Джазираға» сілтеме жасап хабарлауынша, Axios америкалық жоғары лауазым иесінің сөзіне сілтеме жасап, Иран, АҚШ және Оман Ормұз бұғазын қайта ашу туралы уақытша келісімге қол жеткізуге жақын екенін мәлімдеді. АҚШ бұл келісімге қол жеткізілгенін бүгін, сәрсенбіде жариялауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, хабардар дереккөздерң Axiosпен сұхбатта аталған келісім Иран мен Оман арасында Ормұз бұғазында ұзарту мүмкіндігімен 60 күнге созылатын уақытша механизм құруды қамтитынын айтты. Ормұз бұғазы арқылы Парсы шығанағына кіретін барлық кеме солтүстік бағытпен, Иран сулары арқылы өтуі тиіс.
Сондай-ақ, Ормұз бұғазынан Арабия теңізіне қарай шығатын кемелер оңтүстік бағытпен, Иранмен келісе отырып, Оман сулары арқылы өтеді. Аталған болжамды келісімге сәйкес, осы 60 күндік мерзімде кемелердің Ормұз бұғазы арқылы өтуі үшін ешқандай баж салығы алынбайды. Мүдделі тараптар 30 күн бойы Ормұз бұғазының орталық өткелін миналардан тазартуға күш салады. Ормұз бұғазының орталық өткелі Иран мен Оман арасында келісілетін тұрақты келісім негізінде кемелердің өтуі үшін пайдаланылатын болады.
Осы хабарламаға сәйкес, соңғы күндері Стив Виткофф пен Оман және Иран сыртқы істер министрлері арасында телефон арқылы сұхбат болған. Иран Сыртқы істер министрі бұл келісімге алдын ала келісімін берді, ал түпкілікті келісім Иранның жоғарғы көшбасшысы мен Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің шешіміне байланысты.
Алайда Иран билігі Axiosтың бұл мәлімдемесін әлі растаған жоқ.
















