Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитеті Ормұз бұғазын басқару туралы заң жобасын қарауды аяқтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті Ормұз бұғазын басқару туралы заң жобасын жақын арада дауыс беруге шығарады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ахмад Растине Mehr агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Ахмад Растине: «Мәжілістің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінде Ормұз бұғазын басқару жөніндегі стратегиялық іс-қимылдар жоспарын қарау аяқталды. Қазіргі уақытта құжатты Мәжілістің жалпы отырысының қарауына шығару және депутаттардың дауыс беру үдерісі күтілуде», — деді.
Бұған дейін, 27 сәуірде, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің мүшесі Алаэддин Боруджерди Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының жаңа тәртібі туралы заң Иран Мәжілісінің жұмысы қайта басталған кезде қабылданатынын хабарлаған болатын.
Иранның Орталық банкі бұғаз арқылы өту алымдарын өндіру үшін Иран риалы, юань, доллар және еуро валюталарында төрт арнайы шот ашты.


















