Иран Президенті Масуд Пезешкиан сәуір айында Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің Trend агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы бүгін, сейсенбі күні Иранның Әзірбайжандағы елшілігі мәлім етті.
Сапар барысында Әзірбайжан-Иран бизнес форумы өтеді, сонымен қатар бірқатар құжатқа ол қою жоспарлануда.
Айта кетейік, Әзірбайжан Президенті Илһам Алиев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан 31 наурыз күні телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.












