Иран Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда туралы келісімге қол қойғаннан кейін Ресейге алғашқы тікелей жүк рейсін жүзеге асырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның БАҚ жексенбі күні Рашт қаласы мен Ресей астанасы Мәскеу арасында жүк рейсі басталғанын хабарлады.
БАҚның мәліметінше, екі ел арасындағы жүк рейсінің іске қосылуы Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда келісімін жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, жүк рейсінің іске қосылуы Иран мен Ресейдің авиация саласында ынтымақтастығының артып келе жатқанының белгісі екені айтылған.
Иранның “Atlas Air” әуе компаниясы Рашт пен Мәскеу арасында әр рейсте алты тоннаға дейін жүк тасымалдау үшін “Антонов Ан-26” ұшағын пайдаланады.
Сондай-ақ, бұл әуе компаниясы Гилан провинциясында орналасқан Анзали еркін сауда аймағы ұйымынан Гилан мен Иранның басқа солтүстік провинцияларынан Ресейге жүктерді жөнелтуге тапсырыс алған.
Atlas Air компаниясы Рашт қаласынан Мәскеумен қатар ЕАЭО елдеріндегі басқа да бағыттар бойынша жүк тасымалдауды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Иран Парламенті 3 наурызда Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді мақұлдады.
Еркін сауда келісімінің ережелеріне сәйкес, Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения елдері арасындағы сауда тауарларының 87 пайызы кедендік тарифтерден босатылады.



















