Иран президенті Масуд Пезешкиан 19 тамызда Беларусьқа ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің Белта баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран президентінің ұшағы 19 тамызда Минск ұлттық әуежайына қонды.
Иран президентін әуежайда Беларусь Өнеркәсіп министрі, Беларусь-Иран экономикалық ынтымақтастық комиссиясының тең төрағасы Андрей Кузнецов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Лукашевич, Беларусьтің Ирандағы елшісі Дмитрий Кольцов және Иран дипломатиялық миссиясының басшысы Санаи Алиреза қарсы алды.
Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Александр Лукашенко 20 тамызда Масуд Пезешкианмен келіссөз өткізеді. Мемлекет басшыларының кездесуі Тәуелсіздік сарайында шағын және кеңейтілген құрамда өтіп, одан кейін екі ел арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған екіжақты құжаттарға қол қойылады.












