Тоқаев пен Жапаров Бішкекте қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша 22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
Президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.












