Тегеран халықаралық көрме орталығында Confair 2025 атты Иранның 25-ші халықаралық құрылыс индустриясының көрмесі ашылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, аталмыш көрменің ашылу салтанатына Иранның Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садеқ пен Иран кәсіпкерлер палатасының төрағасы Баһман Абдоллахи қатысты.
Биыл ұйымдастырылған көрмеде ирандық және шетелдік компаниялардың, соның ішінде Сингапур, Италия, Германия, Түркия және Қытайдың құрылыс техникасы мен жабдықтары ұсынылды.
Көрмеге ирандық және шетелдік экспоненттердің қатысуы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға кең мүмкіндік ашады.
Иранның кәсіпкерлер палатасы шикізаттық емес тауарлар экспортын ілгерілету, ирандық өндірісті қолдап, елдің құрылыс индустриясының мәртебесін арттыру мақсатында Confair 2025 көрмесін өткізуді күн тәртібіне қойды.
Аймақтағы ең ірі әрі мамандандырылған құрылыс көрмелерінің бірі болып табылатын бұл маңызды көрме құрылыс индустриясының экономикалық дамуы мен жұмыс орындарын құрудағы шешуші рөлін ескере отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарға өздерінің соңғы жетістіктерін, өнімдерін, технологиялары мен қызметтерін көрсету үшін қолайлы алаң ұсынады.
Аталмыш шара бейсенбі, 21 тамызға дейін жалғасады.


















