ИИР Президенті Масуд Пезешкиан Дамушы сегіз мұсылман елінің экономикалық ынтымақтастық ұйымының 11-ші саммитіне қатысу үшін кеше, желтоқсанның он сегізі күні Тегераннан Мысыр астанасы Каирге ұшып келді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл сапарда Пезешкианмен бірге осы елдің бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф пен Жоғарғы Көшбасшының өкілі аятолла Моһсен Қоми бірге келді.
Президент Пезешкиан бұл сапарында D-8 саммитіне қатысумен қатар, осы саммитке қатысушы басқа да бірқатар мемлекет басшылары және ресми тұлғалармен кездесулер өткізіп, екіжақты, аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылайды.
Дамушы сегіз мұсылман елінің экономикалық ынтымақтастық ұйымының 11-ші саммиті бүгін, бейсенбі күні өтеді.
Ал, кеше Аббас Арақчи Дамушы сегіз мұсылман елінің (D-8) экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.


















