Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ливанның жаңа сайланған президенті Джозеф Аунды Парламентте көпшілік дауысқа ие болуымен шын жүректен құттықтады.
Еуразия Тудейдің Иран президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Масуд Пезешкиан Джозеф Аунды құттықтау жолдауында: “Иран Ислам Республикасының Үкіметі Сіздің Жоғары Мәртебелі Президенттік қызметіңіз кезінде біздің арамыздағы әртүрлі саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдейді”.
Доктор Масуд Пезешкиан генерал Джозеф Аунға жолдаған жолдауында оны Парламентте көпшілік дауыспен Ливанның жаңа президенті болып сайлануымен құттықтап, Ливанның көптеген саяси партиялары мен топтары арасындағы келісімінің нәтижесі болған бұл сайлаудың саяси тұрақтылық, экономикалық даму мен ілгерілеудің артуына және Ливан халқына тыныштық пен жайлылық әкелетініне үміт білдіріп: «Сөзсіз, тұрақтылық пен бірлікті нығайту Ливан жеріне қарсы сионист дұшпанның амбицияларын жеңіліске душар етеді”, — деді.
Айта кетейік, Ливан Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал Джозеф Аун 2025 жылы 9 қаңтарда елдің 14-ші президенті болып сайланды.
















