Иран президенті Масуд Пезешкиан екі күндік ресми сапармен Ереванға келді.
Пезешкианды Еревандағы Звартноц әуежайында Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян қарсы алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Пезешкиан Ереванда Арменияның жоғары басшылығымен кездесулер өткізеді. 19 тамызда оның қатысуымен Армения-Иран бизнес форумы өтеді. Армениядан кейін Пезешкиан Беларусьқа барады.
Иран президенті Теһраннан аттанар алдында Ереван сапарының негізгі тақырыбы Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін талқылау деп атады. Сондай-ақ ол Шығыс-Батыс бағыты маңызды сауда алаңына айналуы мүмкін екеніне де тоқталды. Пезешкиан Армениямен энергетика, көлік, инвестиция, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де қарастырылатынын мәлімдеді.
Бұл Масуд Пезешкианның Иран Ислам Республикасының президенті ретіндегі Арменияға келген бірінші сапары.












