Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ертең Анкарада биылғы алғашқы қонағы Иран президенті Ибраһим Раисимен кездеседі.
Кездесу барысында Израильдің Газаға жасаған шабуылдары және екіжақты қарым-қатынас талқыланады деп күтілуде.
Иран президентінің ресми сапары барысында екі ел арасындағы түрлі салаларда ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады.
Ердоған мен Раисидің кездесуінің күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары болмақ.
Тараптар Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты және тұрақты атысты тоқтату мәселесін талқылайды.
Сонымен қатар, Ердоған Түркияның бұл мәселені шешу жөніндегі ұсыныстарын өзінің ирандық әріптесімен бөліседі.
Сондай-ақ, Ердоған мен Раиси Сириядағы оқиғалар және терроризмге қарсы күрес жөнінде пікір алмасады деп күтілуде.
Айта кетсек, бұған дейін Газа секторына қатысты Ердоған мен Раиси 2023 жылғы 7 қазаннан бері телефон арқылы екі мәрте сұхбаттасып, Өзбекстанда бір рет кездесті.


















