Тегеран санкцияларға қарамастан мұнай сатуды жалғастырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади келіссөзге ел экономикасының қатысы жоқ екенін баса айтты.
Казем Ғарибабади кеше, дүйсенбі күні Иранның АҚШ-мен келіссөзді бастау шарттарын, соның ішінде санкцияларды жоюды белгілегенін мәлімдеді.
Ол: “Біз АҚШ-мен келіссөзде санкцияларды алып тастау қажеттігінен бас тартпауымыз керек. Егер АҚШ келіссөз үстеліне отырмаса немесе келіссөз жүргізіліп, бірақ санкциялар жойылмаса, бұл осымен бәрі бітті дегенді білдірмейді. Біз экономикалық базамызды нығайтуымыз керек.
Біз экономикалық инфрақұрылым мен сауда қызметі өзара байланысты, әрі елдер бір-бірімен өзара әрекеттесуі керек әлемде өмір сүріп жатқанымыз рас. Алайда, бізде көршілес елдермен ғана шектелмейтін үлкен әлеует бар.
Біз қазір санкцияға ұшырадық. Алайда, біз әлі де экономикалық және сауда қызметімен айналысып, мұнайымызды сатудамыз. Олар мұнай сатуды нөлге дейін төмендетуге тырысты. Бірақ одан ештеңе шықпады. Өйткені бізде түрлі жол мен мүмкіндік бар. Біз ел тағдырын келіссөзге тәуелді етпеуіміз керек.
Біз бәрін келіссөзбен байланыстырмауымыз керек.
Егер біз санкцияларды келіссөз арқылы алып тастауға қол жеткізе алсақ, бұл өте жақсы болар еді. Бірақ егер олар келіссөз үдерісін теріс пайдаланғысы келсе, онда, әрине, біз бәрін келіссөзбен байланыстырмай әрекет етуіміз керек”, -деді.
















