Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркіменстанда “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” орденімен марапатталды.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Авазада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуін әзірлеуге арналған шара аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” орденін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Түркіменстан Президентінің тиісті Жарлығын Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов оқыды.
Жоғары орден Шавкат Мирзиеевке Түркіменстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты достық қарым-қатынасты дамытуға, түрікмен және өзбек халықтары арасындағы достықты, бауырластықты және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, Түркіменстанның халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесі үшін берілді.



















