Иран Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерін тату көршілік принциптерін сақтауға және өз аумақтарын Иранға қарсы пайдалануды тоқтатуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Әмир Саид Иравани Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас хатшысына жолдаған екі бөлек хатында Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерін тату көршілік принциптерін сақтауға және өз аумақтарын Иранға қарсы пайдалануды тоқтатуға шақырды.
Мемлекеттердің өз аумағын үшінші тарапқа қарсы агрессия немесе қарулы шабуылдар жасау үшін пайдалануға бергені үшін халықаралық жауапкершілігіне тоқтала отырып, Иран бұл заңсыз әрекеттерге кесімді әрі қатаң наразылық білдірді.
Иран Ислам Республикасы тату көршілік қағидаттарын ұстанатынын және Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің егемендігін құрметтейтінін мәлімдеді.
Сонымен бірге, Иран Ислам Республикасы тату көршілік қағидатын ұстанып, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің егемендігін құрметтей отырып, өз егемендігін, аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігін қорғау үшін өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыруды қоса алғанда, барлық қажет және тиісті шараларды қабылдау құқығын өзінде қалдырады.
















