Иран СІМ Аббас Арақчи Нью-Йорктегі екіжақты кездесулерінің жалғасында Армения СІМ Арарат Мирзоянмен дидарласып, сұхбаттасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Аббас Арақчи Американың жергілікті уақыты бойынша, кеше, бейсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында кездесіп, тараптар екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сөйлесті.
Айта кетейік, Арақчи екіжақты кеңесулерінің жалғасында осы уақытқа дейін Ирак, Аустралия, Оңтүстік Корея, Бруней-Даруссалам, Оман, Польша, Германия және Қырғызстан СІМ-лерімен кездесіп, сұхбаттасты.
Арақчи БҰҰ Бас ассамлеясының 79-шы сессиясына қатысу үшін қыркүйектің жиырмасы күні құрамында өзінің саяси, құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасарлары Маджид Тахтраванчи мен Казем Ғарибади да бар елінің жоғары деңгейлі делегациясын бастап, Нью-Йоркке келді.
БҰҰ Бас ассамблеясының 79-шы сессиясы қыркүйектің жиырма төрті күні басталды. Иран президенті Масуд Пезешкиан жиынның бірінші күні сөз сөйлеп, Иранның ұстанымдары мен көзқарастарын баяндады.
















