Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Маскат қаласында омандық әріптесі және Йеменнің Ұлттық құтқару Үкіметінің өкілімен кездесті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бүгін, қазанның 14 күні Маскатта омандық әріптесі Сейед Бадр бин Хамад әл-Бусаиди және Йеменнің Ұлттық құтқару Үкіметінің өкілі Мохаммед Абдул Саламмен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Израиль режимінің қылмыстарын тоқтату үшін дипломатиялық кеңесулері мен келісу жұмыстарының сапары аясында бүгін, 14 қазанда Оман астанасына келді.
Маскатқа келген Иран СІМ басшысы бірден омандық әріптесі Сейед Бадр бин Хамад әл-Бусаидимен кездесіп, пікір алмасты.
Маскаттағы дипломатиялық кеңесулерін жалғастырған Арақчи сонымен қатар, бүгін таңертең Йемен Ұлттық құтқару Үкіметінің өкілі Мохаммед Абдул Саламмен дидарласты.
Иран Сыртқы істер министрі соңғы күндері Израиль режимінің басқыншылық әрекеттерін тоқтату үшін кеңесу мақсатында Ливан, Сирия, Сауд Арабиясы, Қатар және Иракқа барған дипломатиялық кеңесулері барысында елінің бейбітшілік пен соғыс деген екі жолға да дайын екенін қуаттады.

















