АҚШ және Ұлыбритания, Германия, Франция Біріккен Ұлттар Ұйымының қайта күшіне енген санкциялары Тегеранға қысым көрсету құралына айналады деп қателеседі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында жариялаған мәлімдемесінде айтты.
Министрлік Иран Ислам Республикасы еліне зиян келтіруге бағытталған кез келген әрекетке қатаң жауап беретінін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігі: “Еуропалық үш ел мен Америка Құрама Штаттары дипломатия мен ынтымақтастыққа қажет орта құрудың орнына қарсыласу мен дағдарыс туындату жолын таңдады.
Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының күшін жойған қарарларын қайта қалпына келтіру Иранға қарсы жаңа қысым құралы болады деп қателеседі. Тегеран өз құқықтары мен ұлттық мүдделерін батыл қорғап, Иран халқының құқықтары мен мүдделерін бұзуға бағытталған кез келген әрекетке тиісті жауап береді”, – деді.
Айта кетейік, Ұлыбритания, Франция және Германия ұсынған Иранға қарсы халықаралық санкциялар мен Snapback механизмі кеше, жексенбі, қыркүйектің 28 күні ресми түрде күшіне енді.

















