Республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы ҰҚК Баспасөз қызметі
кокаин контрабандасының халықаралық арнасын жою туралы жариялаған хабарда мәлім етті.
Осы мәліметке сәйкес, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды.
Уақтылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен шетелдік екі азамат ұсталып, қамауға алынды.












