Иран СІМ ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи сионистік режимнің Ливанға қарсы шабуылдарын тоқтатуын құптап, Иран Ислам Республикасының Ливан Үкіметі мен халқы және қарсыласу қозғалысын қолдайтынын қуаттады.
Еуразия Тудейдің Иран СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран СІМ ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи сионистік режимнің Ливанға қарсы басқыншылығын тоқтататыны туралы хабарды құптап, ИИР-ның Ливан Үкіметі мен халқын және қарсыласу қозғалысын үзілді-кесілді қолдайтынын баса айтты.
Бақайи ИИР-ның Газа мен Ливанға қарсы басқыншылықтарын дереу тоқтату қажеттілігіне негізделген тұрақты ұстанымы мен Иранның өткен 14 айдағы осы мақсатқа жету жолындағы кең ауқымды дипломатиялық әрекеттеріне сілтеме жасап, Америка мен Еуропаның кейбір елдерінің жан-жақты қолдауымен сионист режимнің соғысқұмарлығы және қылмыстарының салдарынан Палестина мен Ливанның бейкүнә 60 мың адамының қаза табуы мен 120 000 адамының жараланып, 3,5 миллионнан астам адамның босқынға ұшырағанын, Газа секторы мен Ливанның маңызды инфрақұрылымдарының кең ауқымды түрде қиратылғанын, бірақ Палестина мен Ливанның қарсыласу қозғалысының бұрынғыдан бетер Палестина мен Ливан халқының заңды құқықтарын қорғауға сенімді екенін мәлімдеді.
Иран СІМ ақпарат хатшысы: «Халықаралық Әділет Сотының геноцидке тосқауыл жасау және Халықаралық Қылмыстық Соттың соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстар айыптарымен сионистік режимнің басшыларын тұтқындау туралы ордер шығарғанына негізделген уақытша бұйрықтарды назарға алсақ, әлемнің қоғамдық пікірі өткен 14 айда қырғынды тоқтату, басқыншы режимді жауапты етуді талап етті. Бүгінде олар ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді соттап, жазалауды күтуде», — деді.
Бақайи сонымен қатар әлемдік қауымдастықтың Азияның Батыс аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау үшін және басқыншы сионист режимге Газаға қарсы соғысты тоқтату үшін әсерлі түрде қысым жасаудағы жауапкершілігін баса айтты.
















