Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері соғысты елінің төбесінен соғыстың көлеңкесі кеткен кезде ғана тоқтататынын қуаттады.
Ислам революциясы Сақшылары корпусының қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдемесінде Иран «Шынайы уәде 4» операциясының 37-ші толқынымен америкалық және сионистік нысандарға қарсы қақтығыс басталғаннан бергі ең ауыр кезеңін жүзеге асырғанын хабарлады.
Ислам революциясы Сақшылары корпусының қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдемесінде «Шынайы уәде 4» операциясының 37-ші толқыны аса ауыр зымырандардың, соның ішінде «Хоррамшахр» зымыранының үш сағаттан астам үздіксіз, кең ауқымды және көп қабатты атысымен жүзеге асырылғанын, бұл операцияның америкалық және сионистік нысандарға қарсы қақтығыс басталғаннан бергі ең ауыр кезеңі екенін баса айтты.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі №30 мәлімдемесінде былай деді: “«Әмір әл-Мүминин Әли ибн Әбу Тәліптің (ғ.с.) шәһид болған түні мен Қадір түндері Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Хаэла спутниктік байланыс орталығы екінші мәрте, Беэр-Яаков, Батыс Құдыс пен Хайфадағы әскери орталықтар, сондай-ақ Американың Эрбильдегі ауқымды нысандары мен аймақтағы Бесінші теңіз флоты Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің жойқын отты соққысына ұшырады.
Мұса мен Харунның Құдайы Өз қаһарының отын бүгінгі заманның перғауындарының басына жаудыруда. Осы үлкен операцияның жетістіктері ұлы көсем-шәһидтің пәк рухы мен барлық шәһид қолбасшылар және шәһид халықтың рухына бағышталады.
Біз мақсатты әрі қуатты түрде үздіксіз шабуылдарымызды жалғастырып, тек жаудың толық тізе бүгуін ғана ойлаймыз. Біз соғысты еліміздің төбесінен соғыстың көлеңкесі кеткен кезде ғана тоқтатамыз».
















