Иран Теміржол компаниясының бас директоры Жаббар Әли Закери соғыс кезінде теміржолдағы нұқсан келген алты көпірдің желіге қайта қосылғанын хабарлады.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің Иранның Әкімшілік және жұмыспен қамту ұйымының қоғаммен байланыс және халықаралық қатынастар орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары әрі Иран Ислам Республикасы теміржол компаниясының бас директоры Жаббар Әли Закери: «Елдің алты байланыс көпірі мен теміржол инфрақұрылымына зиян келгеніне қарамастан, теміржолшылардың тәулік бойғы қажырлы еңбегінің арқасында қираған көпірлер 12 сағаттан бес күнге дейінгі аралықта жөндеуден өткізіліп, теміржол желісіне қайтарылуның нәтижесінде ішкі және халықаралық теміржол қатынасы қайта жанданды», — деді.
Закери бұл мәлімдемені 21-ші «Шаһид Раджаи» фестивалінің мамандандырылған кездесулер сериясы аясында жасап: «Иран Ислам Республикасының теміржолы 12 күндік және 39 күндік соғыста, сондай-ақ қазіргі жағдайда теміржол желісінің стратегиялық орынына байланысты шабуылдарға ұшырады.
Бірінші кезеңде негізінен Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерінде орналасқан алты байланыс көпірі қираған болатын. Әріптестеріміздің күш-жігерінің арқасында бұл инфрақұрылымдардың кейбірі 12, 15 және 24 сағат ішінде, ал көбірек жөндеуді талап еткендері көп дегенде бес күн ішінде теміржол желісіне қайта қосылды.
Бұл инфрақұрылымдардың жедел қалпына келтірілуімен ел ішіндегі теміржол қатынасы, сондай-ақ, басқа елдермен халықаралық байланыстар мен теміржол тасымалы қалыпты жағдайға оралды», — деді.
Закери 14-ші үкімет тұсында халықаралық теміржол байланысының дамығанына тоқталып: «Тегеран — Ван жолаушылар пойызы бес жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылды, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен, Түркиямен, Ауғанстанмен және басқа да көршілес мемлекеттермен теміржол байланысы белсендірек жұмыс істей бастады.
Ауғанстанмен жүк тасымалы саласында бұрын жылына 15 мың тоннадан кем болған теміржол жүк айналымы қазір айына шамамен 130 мың тоннаға жетті. Біз бұл көрсеткіш бір жылда шамамен 1,5 миллион тоннаға жетеді деп болжап отырмыз», — деді.
Закери бұл дамуды елге қажет негізгі тауарларды қамтамасыз етуде, экспортты, импортты және транзитті дамытудағы тиімді қадам деп бағалады.












