Иран Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс бейбіт жолмен шешілуі керек екенін қуаттайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақайи апта сайынғы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ол Тегеранның Украинадағы қақтығыс сияқты аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша ұстанымына түсініктеме берді.
Бақайт Иранның Еуропада тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу бойынша дипломатиялық бастамалары туралы сұраққа жауап беріп, Иран Ислам Республикасының мызғымас ұстанымына тоқталып: «Иран әрқашан Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс бейбіт жолмен шешілуі керек деп талап етіп келеді. Біз екі ел де келіспеушіліктерін келіссөздер арқылы мүмкіндігінше тезірек шеше алады деп үміттенеміз. Біз бұл қымбат соғыстың аяқталуына куә боламыз», — деді.
БРИКС сияқты халықаралық ұйымдардың дағдарысты шешудегі рөліне қатысты дипломат мұндай платформаларды пайдалану туралы шешімді осы ұйымдарға мүше елдердің еншісінде деп атап, ең алдымен қақтығысушы тараптардың өздері көпжақты құрылымдардың әлеуетін пайдалану қажет деген қорытындыға келуі керек екенін баса айтты.
















