Иранда өнертабыстың 24 пайызы әйелдердің есіміне тіркелді.
Еураазия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы президенттің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары Заһра Бехруз Азар сенбі күні кешке Хорасан Разави облысының белсенді әйелдерімен кездесуде мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес әйелдер патенті бойынша әлемдік орташа көрсеткіш 14-17 пайызды құрап отыр.
Заһра Бехруз Азардың айтуынша, қазіргі таңда Иранда білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің 60 пайыздан астамы, академиялық қауымдастықтың 56 пайызы және жоғары оқу орындарына түсетіндердің 63 пайызы қыздар мен әйелдер.
Алайда Бехруз Азар Иранда кәсіпкерлер мен стартаптардың 12 пайызының негізін ғана әйелдер қалағанын мәлімдеді. Ол қазіргі 14-үкіметтің соңына қарай әйелдердің кәсіпкерліктегі үлесі 30 пайызға жетеді деп үміттенетінін айтты.












