Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан Парсы шығанағының қауіпсіздігі аймақтағы барлық елдің қатысуын талап ететінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Әли Акбар Ахмадиан БАӘ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Тахнун бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сұхбатта мәлімдеді.
Әли Акбар Ахмадиан БАӘ-не сионистік режимнің Иранға қарсы басқыншылығын айыптағаны үшін алғыс айтты.
Тараптар телефон арқылы сұхбатта аймақтық маңызды мәселелерді, АҚШ пен сионистік режимнің агрессивті әрекеттерін, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: “Парсы шығанағының қауіпсіздігі аймақ елдерінің қатысуын талап етеді. Егер бір елдің қауіпсіздігі сыртқы қауіпке тап болса, бүкіл аймақ қиындыққа душар болады”,- деді.
Сондай-ақ, Ахмадиан Иранның көршілес елдермен қарым-қатынасын кеңейту жөніндегі принципті саясатына да тоқталды.
БАӘ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Тахнун бен Заид Әл Нахаян Иранның аймақтағы ұстанымына тоқталып: “Аймақтағы қауіпсіздікті аймақтағы барлық ел қамтамасыз етуі керек. Бір елдің қауіпсіздігінің бұзылуы аймақтағы басқа елдерге кері әсерін тигізеді”,- деді.
Сондай-ақ, ол елінің барлық мәселені шешуде әрқашан диалогты қолдайтынын қуаттады.



















