Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қорғаныс министрлігінің зымыран саласындағы жетістіктерімен танысуы барысында 1700 шақырымға жететін “Етемад” атты баллистикалық зымыран таныстырылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша “Етемад” деген ең жаңа баллистикалық зымыран Иран Қарулы күштерінің Қорғаныс және қолдау министрлігіне тиесілі.
Ұзындығы 16 метр, диаметрі 1,25 метр бұл зымыран Қорғаныс министрлігінің ең жаңа баллистикалық зымыраны саналады.
“Етемад” зымыраны атылғанға дейін басқарылатын оқтұмсұққа ие.












