Иранның Жасанды интеллект, лазерлер және кванттық технологиялар жөніндегі кеңестің хатшысы Бехруз Минаи Ұлттық жасанды интеллект зертханасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Бехруз Минаи зертхананың негізгі міндеттерінің бірі ретінде энергетикалық теңгерімсіздікті, ауаның ластануы және адамдардың күнделікті өміріне қатысты басқа да мәселелердің шешімін табуды атады.
Иран Президенті жанындағы Ғылым және технология кеңесінің хатшысы Беһруз Минаи: «Бұл зертхананы құрудағы мақсатымыз – адамдардың күнделікті өміріне әсер ететін мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдалану жолдарын табу.
Ақылды қала жобасын БРИКС елдері қолдайды, ал Оңтүстік Африка, Қытай және Ресей бұл жобаны жүзеге асыруда бізге қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар, Ұлттық теңіз экономикасын дамыту бағдарламасы жасанды интеллект, Лазерлер және кванттық технологиялар кеңесімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Себебі бұл бағдарлама мақсаттарының бірі зияткерлік порттар жасауды көздейді», — деді.












