Иранның Заһедан қаласындағы Систан және Белучистан Сотының ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды.
Еуразия Тудейдің Иранның БАҚ-дағы мәліметтерге сілтеме жасап хабарлауы бойынша бүгін шілденің 26 күні таңертеңгі сағат 8:30-да Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белучистан провинциясының Заһедан қаласындағы жергілікті Сот ғимаратына қарулы шабуыл жасалып, қарулы бірнеше адам ғимаратқа басып кіріп, судьялардың кабинетіне тікелей бет алды.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылар ғимарат ішінде оқ жаудырған.
Заһедан сот жүйесіне жасалған лаңкестік шабуылда осы уақытқа дейін 6 адам қайтыс болып, 22 адам жараланды. Қайтыс болғандардың арасында бір жасар сәби мен анасы да бар. Жараланғандардың бірқатарының жағдайы ауыр деп жарияланды.
Осы операцияда үстеріне жарылғыш кеудешелер киген үш лаңкестің көзі жойылды.












