Иран мен Ауғанстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының Газа секторы бойынша шұғыл отырысын дереу өткізуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Ауғанстан Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Моулави Амир Хан Моттақи телефон арқылы сөйлесіп, сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын тоқтату үшін ислам елдерінің шұғыл әрекет ету қажеттігін талқылап, екіжақты маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Иран мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері сұхбат барысында сионистік режимнің Газа секторына жасаған әскери және геноцид қылмыстары мен Палестинаның мазлұм халқына азық-түлік жеткізуге шектеу қоюын қатаң айыптады.
Тараптар газалықтарға көмек көрсетіп, геноцидті тоқтату үшін ислам елдерінің дереу іс-қимылы қажеттігін баса айтты.
Аббас Арақчи мен Моулави Амир Хан Моттақи сионистік режимнің басқыншылығын тоқтатуға және Палестинаның мазлұм халқын қолдауға бағытталған тиімді шешімдер қабылдау үшін Ислам ынтымақтастығы ұйымының шұғыл отырысын өткізудің маңыздылығын қуаттады.



















