Ирандық ауыр атлет қыздар Азия чемпионатында түрлі номинациялар бойынша медальдар жеңіп алды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рейхан Карими мен Хание Шарифи өнер көрсетті.
Карими жұлқи көтеруде 91 келі, серпе көтеруде 120 келі салмақ нәтижемен, барлығы 211 келіні бағындырып, 71 кг салмақ дәрежесінде жастар арасындағы Азия чемпионатында үш қола медаль алды.
Осы салмақ дәрежесінде бұрын жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атағын алған Шарифи жастар тобында жалпы 200 кг нәтижемен төртінші орынға тұрақтады.
















