Иранның Ұлттық көші-қон ұйымының басшысы Абдолла Мобини Иранның жаңа босқындарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Иранның Ұлттық көші-қон жөніндегі ұлттық ұйымының басшысы Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымы кеңесінің 114-ші отырысында айтты.
Мобини босқындарды қабылдау үлесінің халықаралық қауымдастық тарапынан әділ бөлінбеуіне тоқталып, Иранның жаңа босқындарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін, егер халықаралық қауымдастық Ирандағы босқындарды қолдау жауапкершілігін мойындарына алмаса, олардың басым бөлігі Еуропа елдеріне қоныс аударатынын қуаттады.
Айта кетейік, Иран көршілес елдердегі, соның ішінде Ауғанстан мен Ирактағы түрлі саяси факторларға байланысты соңғы қырық жылдан астам уақытта бірнеше миллион босқынды қабылдады.
















