Ресей қарашаның бесі күні Иранның «Кәусар» және «Һодһод» жерсеріктерін ғарышқа сәтті ұшырды.
Иранның бұл екі жерсерігі «Восточный» ғарыш айлағынан ресейлік «Союз» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды.
Иранның Ғарыш институтында ғарыш ұйымының басшысы, жерсеріктерді жасап шығарушылар мен тілшілер осы екі жерсеріктің ғарышқа ұшырылған сәтін тамашалады.
Жоғары дәлдіктегі «Кәусар» бақылау жерсерігі мен «ҺодҺод» байланыс құрылғысы «Омид Фаза» компаниясының дарынды жас мамандары әзірлеп, шығарған алғашқы құрылғылар саналады.












