Ұлытау облысында ағымдағы жылдың 7-8 қараша аралығында терроризмге қарсы «Ұлытау-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өтеді.
Еуразия Тудейдің ҚР Терроризмге қарсы орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша оқу-жаттығу аясында Ұлытау облысы аумағында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабы осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырды.
Ұлытау облысы — 2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс. Әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласы.













