Иранның Оманға тауар экспорты бес айда он алты пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран күнтізбесі бойынша биылғы жылдың алғашқы бес айында Ираннан Оман Сұлтанатына мұнайға жатпайтын тауарлар экспорты өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға артты.
2025 жылдың 21 наурызы бен 22 тамыз аралығында Иран Оманға жалпы құны 1,53 миллиард доллар болатын мұнайға жатпайтын тауар экспорттады. Бұл Тегеран мен Маскат арасындағы сауда-экономикалық байланыстың айтарлықтай жандана түскенін көрсетеді.
Иран осы кезең аралығында Оман Сұлтанатынан мұнайға жатпайтын жалпы құны 373 миллион долларлық тауар импорттаған.
Иран күнтізбесі бойынша ағымдағы жылдың алғашқы бес айында (2025 жылдың 21 наурызынан 22 тамызға дейін) Иран Оманға мұнай-химия өнімдерін, болат, цемент, азық-түлік өнімдері мен жаңа піскен жеміс-жидек экспорттады.



















