Ирандық шахматшылар командасы қоржынына бір алтын медаль салды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның төрт адамнан тұратын шахмат командасы есту қабілетіне зақым келген спортшылар арасындағы Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында алтын медальға ие болды.
Азия-Тынық мұхиты ойындарында алғашқы алтынды Иранның шахматтан ұлттық құрамасының мүшелері Найер Голизаде, Зайнаб Голшани, Армин Рахматпур және Пурия Джамали жеңіп алды. Бұған дейін Иран құрамасы төрт қола медаль алған болатын.
Айта кетейік, есту қабілетіне зақым келген спортшылар арасындағы Х Азия-Тынық мұхиты ойындары желтоқсан айының бірінен басталып, осы айдың сегізіне дейін Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтеді.
















