Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкиан шәһид аятолла Раисидің үйіне барып, оның әйелі және отбасымен сұхбаттасты.
Пезешкиан кездесуде жуырда әуе апатынан қаза тапқан осы елдің бұрынғы президенті Ибраһим Раисидің есімі мен рухына құрмет білдіріп, ол кісінің халық пен ел игілігіне қызмет ету жолындағы құнды әрі ұмытылмас еңбегін жоғары бағалады.
Аятолла Раисидің жұбайы Жәмила Садат Аламолхода ханым да осы кездесуде шәһид президенттің кейбір ерекшеліктері мен оның халыққа қызмет ету және Ислам революциясының атын көтеру жолындағы талпыныстарын санамалап, Иран халқына қызмет ету жолын жалғастыру қажеттігін баса айтты.
Айта кетейік, Ибраһим Раиси 2021 жылғы 3 тамыздан 2024 жылғы 19 мамырға дейін Иран Президенті болды. Ол мінген тікұшақ мамырдың 19, жексенбі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшырады. Тікұшақ ішінде Ибраһим Раисимен бірге осы елдің СІМ басшысы Хосейн Амир Абдуллаһиан, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малек Рахмати, Табриз қаласының жұма намазы имамы аятолла Мохаммад Әли әл Хашем, Президенттің қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы Сейед Маһди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды. Олардың барлығы оқиға салдарынан қаза тапты.












