Иранның осы жылдың алғашқы үш айында балық өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Ауыл шаруашылығы министрлігінің сапаны жақсарту, қайта өңдеу және су нарығы басқармасының бас директоры өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында балық өнімдерінің экспорты айтарлықтай өскенін атап өтті.
Аббас Мохтаридың айтуы бойынша, Ираннан 2023 жылдың 21 наурыз айы мен 22 маусым айы аралығында құны 93,1 миллион доллар болатын 52 мың тоннадан астам балық өнімдері экспортталды. Ол сөзінің жалғасында: «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елден құны 121,4 миллион доллар болатын 73 мың тоннадан астам балық өнімдері экспортталды»,- деді.
Сонымен қатар Аббас Мохтари сөзінің бір бөлігінде қара уылдырық экспортына да тоқталып, биылғы жылы елінен 721 мың доллар болатын 1 353 кг жоғары сапалы қара уылдырық экспортталғанын айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға артық.


















