ҚР Палата спикері Мәулен Әшімбаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында БРИКС елдері парламенттері басшыларының отырысы аясында Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Қалибафпен келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәулен Әшімбаев Мохаммад Бақер Қалибафпен кездесіп, қос елдің парламентаралық ынтымақтастығын нығайту барысын талқылады.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Иран арасындағы байланыс көптеген салада қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Бүгінде екі ел арасында өзара сындарлы саяси диалог жолға қойылып, берік шарттық-құқықтық база қалыптастырылды. Сонымен қатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл нығайтылуда. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев пен Мохаммад Бақер Қалибаф екі мемлекеттің Парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.
Айта кетейік, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Санкт-Петербург қаласындағы оныншы БРИКС елдері парламенттері басшыларының отырысына қатысты.


















