Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани елінің Сирия Үкіметі мен халқын лаңкестікпен әділ және табанды күресінде қолдайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран елшісі Амир Саид Иравани Сириядағы қазіргі оқиғалар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында елінің Сирияның жойылу, хаос және қайғы-қасірет әкелетін Хайат Тахрир аш-Шам сияқты лаңкестік топтармен күресу және оларды жою жөніндегі егемендік құқығын толығымен мойындайтынын баса айтты.
Иравани: “Иран Ислам Республикасы Сириядағы жағдайдың ушығуына қатты алаңдаушылық білдіреді. Соңғы оқиғалар, әсіресе Әл-Каиданың бұрынғы бөлімшесі болып табылатын және Джебхат ан-Нусра деген атаумен танымал Хайат Тахрир аш-Шам тобының лаңкестік әрекеттері Сирияның егемендігі мен тұрақтылығына үлкен қауіп төндіреді”,- деді.
Иран елшісі атап өткендей, Хайaт Тахрир аш-Шам тобы операцияларының көлемі мен күрделілігі, соның ішінде озық қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшақтарды қолдануы өздерінің саяси мақсаттарында лаңкестікті құрал ретінде пайдаланатын Америка Құрама Штаттары басқаратын сыртқы қолдауды көрсетеді.
Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі: “Осы қақтығыстың өршуіне жауапты елдер өз әрекеттері мен Сирия халқына әкелген жойқын салдары үшін жауап беруі керек. Иран Ислам Республикасы Сирия Үкіметі мен халқының лаңкестікпен әділ және табанды күресін қолдайды”, — деп сөзін қорытындылады.

















