Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері Газаның қорғансыз халқына көмектесу үшін халықаралық қауымдастық пен ислам-араб елдерінің жедел әрі тиімді әрекет етуі қажеттігін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы кеше жұма күні кешке Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи мен Катардың премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдулрахманмен телефон арқылы сұхбатта айтылды.
Тараптар Газа мен Иордан өзенінің батысындағы жағдайды қарастырып, Газаның қорғансыз халқына көмек көрсету, бұл аймақта азық-түлік және дәрі-дәрмек қоршауы мен геноцидті тоқтату үшін халықаралық қауымдастық пен ислам-араб мемлекеттерінің шұғыл әрі тиімді әрекет етуі қажеттігін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізу арқылы ислам және араб елдерінің ұжымдық әрекет етуінің маңыздылығын баса айтып, халықаралық қауымдастық басқыншы режимнің жазасыз қалуын тоқтатып, соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыс жасаған сионистік қылмыскерлерді мүмкіндігінше тезірек соттап, жазалауы керектігін қуаттады.
















