Иран Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами Иран Ислам Республикасы уран байыту құқығынан ешқашан бас тартпайтынын және байытылған уранды бермейтінін ашық мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами бүгін, 8 қазанда журналистердің сұрақтарына берген жауабында уран байыту мәселесінде Иранның өз құқығынан бас тартпайтынын нақты айтты.
Ол “Иранның уран байыту жұмыстарын тоқтатып, бұл бағыттан бас тартуы мүмкін бе?” деген сұраққа: «Еш жағдайда. Байыту – ядролық үдерістің ажырамас бөлігі. Үдерістің бастапқы кезеңі болмаса, ядролық өнеркәсібің бар деп қалай айта аласың?» – деп жауап берді.
Ислами ядролық өнеркәсіп ғылым мен технологияның қозғаушы күші екенін атап айтты. Оның айтуынша, АҚШ-тың өзі және қазіргі президенті Дональд Трамп ұлттық даму, қауіпсіздік және қорғаныс құжаттарында ядролық технологияны дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде белгілеген, ал барлық ел ядролық технологияны дамытуға асығып ұмтылып жатыр.
Ол: «Мұның бәрі – алдау мен өтірік. Нақтысы – халықтың дамуы», – деді.
Вице-президент Исламидің айтуынша, Иран халқы жоғары деңгейдегі дарынды халық, ал Иран – әлеуетті мемлекет.
Ислами: «Білім мен ғылым саласында ілгерілеу құқығы – Иран халқының құқығы, біз одан бас тартпаймыз», – деді.
Ол сондай-ақ, Иранның байытылған уранын бермейтінін ашық мәлімдеп: «Жоқ, мұндай әңгіме жоқ», – деді.












