Испанияның социалист премьер-министрі Педро Санчес ең басынан-ақ Еуропадағы Иран соғысына қарсы оппозицияның тізгінін өз қолына алды.
Англия немесе Германия сияқты Еуропаның ірі державаларына қарағанда, Испания өзін АҚШ-қа қарыздар санамайды. Оның саяси элитасы «Вашингтон Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде Испаниядағы Франко диктатурасының сақталып қалуына көмектесті» деп есептейді.
Сонымен қатар, Санчестің социалистік үкіметі жүргізіп отырған саясат Трамптың көзқарастарына мүлдем қайшы келеді. Атап айтқанда, Трамп оны «алаяқтық» санайтын Испанияның жаңартылатын энергия көздеріне ауқымды инвестиция салуы, Трамптың жаппай депортациялау саясатына қайшы келетін жарты миллион заңсыз мигрантқа заңды мәртебе беруі және БҰҰ мен көпполярлы әлемді қорғауы.
Испания билігі бұл табандылықты халықаралық құқық нормаларына адалдықпен түсіндіреді. Олардың пайымдауынша, әлем мықтысы әлсізін жоятын «джунгли заңымен» емес, нақты принциптер мен заңдар негізінде басқарылуы тиіс.
Айта кетейік, 2026 жылы Педро Санчес бастаған Испания үкіметі мен ел халқы АҚШ пен Израильдің 2026 жылы 28 ақпанда бастаған шабуылдарынан туындаған әскери қақтығыстар кезінде соғысқа қарсы ұстаным танытып, Иранға қолдау көрсетті. Испания Иранға шабуыл жасау үшін өз әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермеді, ал ел премьер-министрі бұл шабуылдарды айыптады.
Испания премьер-министрі Педро Санчес АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын «заңсыз және қауіпті» деп атады.
Испания АҚШ күштеріне Иранға қарсы операциялар жүргізу үшін «Рота» және «Морон» бірлескен әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермеді.
Мадридте және басқа да қалаларда мыңдаған Испания азаматы жиналып, соғысқа қарсы және Иран халқын қолдау мақсатында шерулерге шықты.
Иран халқы да Тегеранда Испания үкіметі мен халқының ұстанымына ризашылық білдіру үшін жиындар өтіп, «Рақмет, Испания» атты бейнебаяндар жарияланды.
Бұл ұстанымдар Испанияны аталған шабуылдарға батыл қарсы тұрған санаулы еуропалық елдердің бірі ретінде танытты.












